қоңырау шалу тегін
RU | KZ | EN

Сұрақ және жауаптар Көбірек біліңіз

Сұрақ және жауаптар

Банк Kassa Nova-ның дара акционері ретінде ForteBank Банк Kassa Nova-ның 100% акциясын ФРИДОМ ФИНАНС инвестициялық компаниясына сату туралы шартқа қол қою туралы жариялады. Мәміленің жабылуы «ФРИДОМ ФИНАНС» АҚ Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мақұлдауын және өзге қажетті рұқсатты алғаннан кейін 2020 жылдың соңына жоспарланып отыр.

жүйе құраушы инвестициялық компания. АҚШ-тың, Ұлыбританияның, Ресейдің, Қазақстанның, Өзбекстанның және Украинаның қор биржаларына қол жеткізуші брокер.

Компания Freedom Holding Corp халықаралық тобына енеді.

– Холдингтің акциялары NASDAQ америкалық биржада саудаланады.

– компанияның қызметін АҚШ бағалық қағаздар мен биржалар (SEC) комиссиясы реттейді.

– Компанияның Топтары S&P Global Ratings болжамымен «Тұрақтыдан» «B-/B» кредит рейтингіне ие.

Холдингтің нарықтық капиталға айналымы > $1,2 млрд

Топтың компанияларындағы брокерлік шоттар > 152 мың

79 офисі жеті елде (филиалдары Қазақстанның 16 қаласында)

Аталмыш мәміле Банк Kassa Nova-ның клиенттерінен қалай көрінеді, олардың шоттарына, депозиттеріне қалай әсер етеді, қандай қызметтерге қол жетімді болады? /strong>

Осы жаднамада жиі қойылатын сұрақтарға жауап береміз.

Банк салымшалар, кредиторлар мен инвесторлар алдында өз міндетін атқарушы дербес қаржы институты ретінде толық жұмыс істейді. Мәміле аяқталғаннан кейін жаңа тұжырымдама аясында банктің дамуының жаңа стартегиясы мен ребрендингін әзірлеу жоспары бар.

Kassa Novа клинеттерінің барлық депозиттері толық қауіпсіздікте. 2020 жылы Банктіңкредит рейтингі S&P агенттігімен «B/B» деңгейінде расталған, халықаралық шкала бойынша болжам «Тұрақты», сондай-ақ «kzBB+» - ұлттық шкалада.

Банк осы деңгейді оны жыл сайынғы негізде растай отырып, 2011 жылы алғашқы рет рейтинг ұсынған кезден бастап бұзбай келеді. Банк Kassa Nova салымдардың қосымша кепілі болып табылатын Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қорының міндетті қатысушысы.

Kassa Nova клиенттерінің әрекеттегі төлем карталарының қызмет көрсету шарттары өзгермейді және мерзім аяқталғанға дейін әрекет ететін болады. Сонымен қатар Банк өнімдерді дамытуды, ыңғайлылықты арттыра түсетін жаңа қызметтерді ендіруді жоспарлап отыр, тиісінше төлем карталарын ұстаушылар үшін жаңа мүмкіндіктер ашылмақ.

My Kassaжеке тұлғалар үшін онлайн-банкинг жүйесі өз клиенттері үшін жұмысын бұрынғы қалыпта жалғастыра береді.

Қазіргі кезде Банкте кредиттеу тоқтатылды, мәміле жүргізу аяқталғаннан кейін кредитттер бойынша талап құқықтары «Fortebank» АҚ-на ауыстыру жоспарланған.

Банктің қарыз алушыларына ауысу туралы хабарланады, мұнан кейін оларға кредиттеу бойынша «Fortebank» АҚ-да бұрынғыша қызмет көрсетіледі.

«ФРИДОМ ФИНАНС» тобының технологияларына және өнімдеріне қол жеткізуге ие бола отырып, біз онлайн арналарында клиенттеріміз үшін аса озық қызметтер мен өнімдерді ендірмекпіз.

Kassa Nova клиенттер үшін операциялық қызметтерді дамытуды жоспарлайды, мақсатымыз – жеке және заңды тұлғалар үшін сапалы операциялық қызметтерге қол жеткізу мақсатында цифрлы технологиялық тиімді банк құру, инновациялық қызметтерді және инвестициялар облысында клиенттерге шешімдер ұсыну.


Сұрақты берініз

Есіміңіз кім?

Байланыс ақпарат

Сұрақ