қоңырау шалу тегін
RU | KZ | EN

Kassa Nova дебеттік картасы туралы Көбірек біліңіз

Дебет картасы туралы

Kassa Nova-ның төлем картасымен дүкендерден зат сатып алуға, интернетке төлеуге және Қазақстанның кез келген банкоматынан комиссиясыз ақша шешуге болады*

Kassa Nova картасын ұстаушылар зат сатып алған сомадан 1,5% дейін Cash Back алады.

Kassa Nova картасымен зат сатып алған кезде тізімімен сілтемеден танысуға болатын банк серіктестеріне 20% дейін жеңілдіктер мен артықшылықтар бар.

Kassa Nova картасы үшін тегін негізде карта иелеріне әрбір зат сатып алғаны туралы хабарлайтын SMS-ақпарат сервисі қолжетімді. Сервисті My Kassa интернет банкингінде қосуға болады.

My Kassa банкингінің көмегімен ком.төлемдерге, мобильді байланысқа және комиссиясыз 100-ден аса қызметке ыңғайлы төлем жүргізіледі.

Kassa Nova картасын ұстаушылар үшін мұнан былай депозит ашу немесе толықтыру, кредит өтеу үшін банк бөлімшесіне келу қажет емес, осының бәрін және өзге де көптеген басқаларын My Kassa-да істеуге болады.

ҚР кез келген банкінің картасынан www.novapay.kz cайтында, "Cash in" функциясымен Kassa Nova банкоматынан, "Қазпочта" АҚ, Касса 24 терминалынан жылдам және ыңғайлы аудару арқылы карта толықтырылады.

Kassa Nova картасын ресімдеу және шығару - тегін.

Maestro Instant, MC Standard, Visa Classic карталарының ай сайынғы абоненттік төлемі - 250 теңге, Master Card/Visa Gold - 500 теңге, Visa Platinum - 1000 теңге (сақтандыру полисінсіз), MC World Elite - 4000 теңге (сақтандыру полисімен)

Бұл сома шоттан өздігінен шығынға жазылады.

Картаның тарифтерімен осы жерден танысуға болады.

Maestro Instant, MC Standard, Visa Classic карталары үшін - 150 000 теңгеге дейін, Master Card/Visa Gold - 300 000 теңгеге дейін, Visa Platinum - 500 000 теңге, MC World Elite - 800 000 теңгеге дейін.

ҚР аумағындағы банкоматтар желісінен лимиттен жоғары қолма қол ақша шешу айына - 0,8% + 300 теңге. ҚР аумағынан тыс жерде қолма қол ақша шешу - 1,5% мин 1 500 теңге

Kassa Nova картасын белсендендіру үшін кез келген PIN-операцияны ойдағыдай жүргізу қажет.

Мысалы, ҚР кез келген банкоматынан карта балансын сұрау – жылына бір рет тегін, кейінгі сұраулар - 50 теңге

1,5% дейін Cash back дүние жүзінде картамен қолма қол ақшасыз төлемге есептеледі.

Kassa Nova картасын төмендегідей толықтыруға болады:

  • депозиттен интернетке және My Kassa мобильді банкингінде – ілезде есепке алынады, тегін;
  • Қазақстаннның кез келген банкінен www.novapay.kz сайтында картадан аудару арқылы - ілезде есепке алынады, тегін;
  • "Cash in" функциясымен Kassa Nova банкоматы арқылы - ілезде есепке алынады, тегін;
  • Банк бөлімшесінде - ілезде есепке алынады, тегін;
  • "Қазпошта" АҚ бөлімшесінде - 1 жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күніне дейін есепке алынады, комиссиясы – төлем сомасының 0,5% (мин. 150 теңге);
  • филиалдың сатылым орындарында орналасқан терминалдар арқылы - ілезде есепке алынады, тегін;
  • Касса 24 терминалы арқылы - ілезде есепке алынады, комиссия – төлем сомасының 1,5%.

Басқа клиентке Kassa Nova-ның картасына ақша аударуды iOS және Android платформалары үшін әзірленген My Kassa мобильді қосымшасындағы «Өзге картаға аударымдар» сервисі көмегімен көресіз. Аударғаны үшін комиссия - 0 теңге.

Аудару үшін сіз карта алушының 16 мәнді номерін білуіңіз керек.

Қазақстанның кез келген банкінің картасынан My Kassa мобильді қосымшасының «Ұсыныстар» тарауында немесе www.novapay.kz сайтында орналасқан «Online аударымдар» сервисі көмегімен Kassa Nova картасына ақша аудару жүргізіледі.Kassa Nova банк картасына аударғаны үшін комиссия алмайды, алайда карта шығарушы банк аударым жөнелткені үшін комиссия алады.

Kassa Nova картасын ұстаушылар карталарын және шоттарын iOS және Android платформалары үшін әзірленген My Kassa мобильді банкиінгінің көмегімен немесе веб-версияда тәулігіне online 24 сағат басқарады.

Мобильді банкингінің көмегімен клиенттер:

  • карталар, депозиттер мен кредиттер туралы ақпаратты көреді
  • кез келген кезеңдегі шоттар бойынша үзінді-көшірмені тексереді
  • коммуналдық қызметке төлейді, мобильді байланысқа және 400 аса өзге қызметке төлем жасайды
  • төлемдер мен аударымдар тарихын көреді
  • онлайн депозит ашады және 24/7 режимінде басқарады
  • туыстары мен жақындарының карталарына немесе шотттарына ақша аударады
  • өз шоттары арасында ақша аударады
  • тиімді бағамда валюта айырбастайды
  • интернет төлеміне лимитті, банкоматтан шешкені үшін лимитті, картаны пайдаланғаны үшін күндізгі лимитті басқарады
  • карта бойынша PIN-кодты ауыстырады
  • ай сайын төлем енгізеді
  • картаны бұғаттайды және бұғаттан шығарады
  • жақын жердегі терминалды, банк бөлімшесін немесе банкоматты табады
  • банктің акциялары мен әрекеттегі жеңілдіктерін көреді

iOS немесе Android үшін My Kassa мобильді қосымшасын жүктеңіз және орнатыңыз.

My Kassa-ға тіркелген кезде көрсеткен телефон нөміріне немесе СМС арқылы алынған Логин бойынша авторланыңыз.

Егер Сіз My Kassa-ға әлі тіркелмеген болсаңыз, қосарлы кликпен қашықтықтан тіркелуге болады. Тіркелу үшін мобильді телефоныңыздың әрекеттегі номерін көрсету қажет.

Мобильді қосымшаға бастапқы кірген кезде Сізге жылдам қолжетімді кодты немесе Touch ID орнату ұсынылады.

Келесі кіргенде телефон номерін енгізу керек, парольдің қажеті жоқ — саусақты тигізу немесе 4 мәнді кодты енгізу жеткілікті.

Банктің клиенттері еместер телефон номері арқылы My Kassa-ға қашықтықтықтан тіркеледі, кез келген банктің картасын бекітумен комиссиясыз 100-ден аса қызметке төлей алады.

Жаңалықтар, акциялар, жеңілдіктер туралы банктің ресми парақшаларына жазылу арқылы instagram және Facebook әлеуметтік желілерінен көруге болады - @kassanovabank немесе My Kassa мобильді қосымшасындағы «Ұсыныстар» тарауынан білесіз.

My Kassa мобильді банкингін AppStore немесе Google Play жүктеуге болады.

Қосымшаның атауымен қатар «Жүктеу» түймесін басыңыз және орнатуды күтіңіз.


Сұрақты берініз

Есіміңіз кім?

Байланыс ақпарат

Сұрақ